

2026 жылғы 5 наурызда «Ғылыми этика, академиялық адалдық, қазіргі заманғы білім берудегі инновациялар мен жасанды интеллект» тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсында тәжірибелі спикерлер ғылыми зерттеулердегі этика мен адалдық мәселелерін талқылады.
Курс барысында спикерлер төмендегідей тақырыптарда ой бөлісті:
Абдрасилов Турганбай Курманбаевич, Гуманитарлық мектебінің PhD, қауымдастырылған профессоры — «Ғылыми зерттеу жобаларында этика мәселелері»;
Ризаходжаева Гүлнара Абдумажитқызы, Ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, қауымдастырылған профессор — «Этические стандарты и вызовы в современной научной деятельности»;
Мейірбеков Асылбек Қайратбекұлы, Тіл мектебінің PhD, қауымдастырылған профессоры міндетін атқарушы — «Scopus ақпараттық базасында индекстелетін журналдарда ғылыми мақала жариялау этикасы және зерттеу адалдығы».
Курстың соңында ұйымдастырылған Workshop барысында тыңдаушылар 5 топқа бөлініп, «Жас ғалымның этикалық кодексі» тақырыбында өз жобаларын талқылап, ұсыныстарын ортаға салды.




