

Астана қаласында өткен «Nomad MMA» Азия чемпионатында 60 кг салмақ дәрежесінде университетіміздің спортшы студенті Абилов Айғасыр жоғары шеберлік пен табандылық танытып, І орынға ие болды. Осындай жоғары деңгейдегі жарыста жеңіс тұғырынан көріну – үлкен дайындықтың, қажырлы еңбектің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі екені сөзсіз. Жеңімпазымызды жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтай отырып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруына тілектестік білдіреміз. Жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!
