Чемпионат жеңімпазы-оқу ордамызда!

Жаңаөзен қаласында дзюдо спорт түрінен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында оқу ордамыздың білім алушысы Ахметова Салтанат жоғары дайындық деңгейі мен қайсар мінезін, әр белдесуінде шебер тактика қолданып, қарсыластарына дес бермей, айқын басымдықпен жүлделі І орынды иеленді. Бұл жеңіс – спортшының тынымсыз еңбегі мен табандылығының, сондай-ақ жаттықтырушыларының кәсіби дайындығының айқын жемісі. Ахметова Салтанаттың жетістігі жас спортшыларға үлгі болып, алдағы уақытта бұдан да биік белестерді бағындыратынына сеніміміз мол.
Перейти к верхней панели