Жаһандық серіктестікті дамыту бағдарламасы.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде транснационалдық білім беру сапасын қамтамасыз етудің қазақстандық Шектемесі негізінде «Қос дипломдық білім беру бағдарламаларын әзірлеу» атты практикалық воркшоп өтті.

Іс-шара барысында келесі негізгі мәселелер қаралды:

Қос дипломдық білім беру бағдарламаларының (ҚДБ) тұжырымдамасы және стратегиялық позициялануы;

ҚДБ бағдарламаларын академиялық жобалау және іске асыру;

Бағдарламаларды басқару, тұрақтылығын қамтамасыз ету және институционализациялау.

Сондай-ақ, қатысушылар қос дипломдық білім берудің артықшылықтарын егжей-тегжейлі талқылады. Шараға білім беру бағдарламаларының жетекшілері, халықаралық ынтымақтастық саласындағы сарапшылар және оқытуды интернационалдандыру стратегияла рын талқылау мақсатында әкімшілік корпус өкілдері жиналды.

Воркшоптың практикалық бөлімінде басым дайындық бағыттары бойынша жұмыс топтары құрылды.

«Қос дипломдық білім беру — бұл біздің білім алушыларымызға негізгі оқу процесін үзбей бірегей тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін және әлемдік ғылыми кеңістікке интеграцияланудың тиімді құралы», — деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Перейти к верхней панели