Мұқағали — жүректің ақыны.

Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай (2026 жылғы 9 ақпан) Қазақстанда оның мұрасын насихаттауға бағытталған ауқымды поэтикалық челлендждер бастау алды.

Челленджге арналған бейнероликтер Түркістанның көрікті жерлерінің аясында немесе Университет аудиторияларында түсірілді. Бұл поэзияны өңірдің туристік брендімен ұштастыруға ықпал етеді.

Челлендж бастамашысы – Университеттің аға кітапханашысы Алдашүкірова Мөлдір. Ол білім алушылар мен қызметкерлерді жұмылдырып, жастарды «Ұлылар есімі — ел есінде» идеясы төңірегінде біріктірді.

Біздің білім алушылар мен оқытушылар ақын шығармашылығына деген сүйіспеншілігін оның мәңгілік туындыларын орындау арқылы білдірді. Қазақстан туризмінің болашақ амбассадорлары ретінде біз үшін ұлы тұлғалардың мәдени мұрасын ұрпақтан ұрпаққа жеткізу аса маңызды.

Ұлылар есімі — ел есінде!

Бұл челлендж — ұлы ақынға тағзым ғана емес, сонымен қатар Университеттің Қазақстанның рухани байлығын сақтау жолындағы маңызды үлесі. Мұқағали Мақатаевтың мұрасы Түркістан жастарын жаңа жетістіктерге шабыттандырып, өміршеңдігін жалғастыра бермек.