
Университет қабырғасында өткен Білім алушылардың V-шң Ғылыми-теориялық Конференциясы өз мәресіне жетті. Конференция аясында бағдарламалық талаптарға сәйкес 5 секция жұмыс жасап, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары тыңдалып, талқыланды.
Атап айтқанда:
Туризм секциясы – 48 баяндама,
Қонақ үй және мейрамхана бизнесі – 56 баяндама,
Спорттық-сауықтыру фитнесі және спорттық туризм: теория мен тәжірибе – 42 баяндама,
Гуманитарлық ғылымдар – 53 баяндама,
Тілдер секциясы – 29 баяндама.
Жалпы саны 229 студент ғылыми баяндамамен қатысып, үздік жұмыстар секция комиссиялары тарапынан жоғары бағаланды.
Конференцияның жабылу салтанатында пленарлық мәжіліс пен секциялық отырыстарда үздік баяндама жасаған магистранттар мен студенттер І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдармен және сыйлық Сертификаттарымен марапатталды. Конференция қорытындысы бойынша үздік ғылыми жұмыстар Университеттің ғылыми әлеуетін арттыруға және білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға зор үлес қосты.
Осылайша, Білім алушылардың V-ші Ғылыми-теориялық Конференциясының жабылу салтанаты ресми түрде аяқталды.