Самарқандтағы діни-тарихи нысандардың ақпараттық әлеуеті зерделенді

2025 жылғы 16–22 маусым аралығында AP23490104 «Түркістан облысындағы діни туризм нысандарының ақпараттық әлеуетін зерделеу» атты гранттық жоба аясында жоба орындаушылары Малдыбек А., Қаратышканова Қ., Қожан А. Самарқанд қаласына іссапармен барды.

        Іссапар барысында көне Афрасиабтың мұрагері әрі Тимурилер мемлекетінің астанасы болған Самарқандтағы бірқатар діни-тарихи нысандардың ақпараттық әлеуеті зерттелді. Атап айтқанда, Регистан алаңы, Гүр Әмір, Шахи зинда кешені, Бибі ханым мешіті, Ұлықбек обсерваториясы, Қызыр және Даниел пайғамбар кесенелері қамтылды.

      Зерттеу нәтижелері Самарқандтың соңғы жылдары туризмді дамытуға бағытталған ірі мәдени орталыққа айналып келе жатқанын көрсетті. Бұл тәжірибе Түркістан өңіріндегі діни нысандарды дамытуда рухани-мәдени мазмұнды сақтаудың маңыздылығын айқындайды.