

2025 жылғы 10–20 желтоқсан аралығында Гурсой Музаффер және Сиздиков Багдаулет Сапарбаевич — BR28713129 «Қазақстанға ислам дінінің енуін және таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» жобасының орындаушылары — Түркия Республикасының Анкара қаласында ғылыми іссапарда болды.
Іссапар аясында археологиялық қазбалардан алынған үлгілерді генетикалық (aDNA) және С14 радиокөміртекті талдауларға тапсыру, Түркияның жетекші университеттері мен зертханаларымен ғылыми байланыс орнату, сондай-ақ жоба тақырыбына қатысты деректерді кітапханалардан жинақтау жұмыстары жүргізілді.
Hacettepe University және Ankara Hacı Bayram Veli University ғалымдарымен кездесулер өтіп, бірлескен зерттеулер мен нәтижелерді халықаралық журналдарда жариялау мәселелері талқыланды. Нәтижесінде ғылыми ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.


