Университетіміз 2025 жылы алғаш рет «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының білім беру бағдарламалары рейтингіне қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Атап айтқанда:
«6B11104 – Қонақ үй және мейрамхана бизнесі» білім беру бағдарламасы 20 жоғары оқу орнының ішінде 2-орынға;
«6B11102 – Халықаралық ішкі туризм» білім беру бағдарламасы 34 жоғары оқу орнының ішінде 4-орынға ие болды.
Аталған жетістіктер университетіміздің білім беру бағдарламаларының сапасы мен еңбек нарығы талаптарына сәйкестігін, сондай-ақ профессор-оқытушылық құрамның жүйелі және нәтижелі жұмысының көрсеткіші болып табылады.
Алдағы уақытта да ортақ мақсат аясында жоғары жетістіктерге қол жеткіземіз деп сенеміз.

