IUTH Ball

Университеттің игі дәстүріне айналған, жарқын әрі әсерлі IUTH Ball – студенттік билер кеші өтті. Аталған іс-шара аясында студенттік би жұптары өзара бақ сынасып, қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, орындау техникасын, музыкалылығын және артистизмін көрсетті.

Іс-шара жылы әрі салтанатты атмосферада өтіп, Университеттің мәдени өміріндегі жарқын оқиғаға айналды. Ол би өнерін сүйетін жандар мен белсенді студент жастарды бір арнаға тоғыстырды. Өнер көрсетулер белгіленген талаптар бойынша кәсіби қазылар алқасымен бағаланып, қорытындысында үздік жұптар анықталды.

Сонымен қатар Университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысып, жастардың дамуына зор үлес қосып жүрген білім алушылар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Бұл іс-шара студенттердің шығармашылық әлеуетін ашатын алаң ғана емес, сонымен бірге эстетикалық мәдениетті дамытуға, командалық өзара іс-қимылды нығайтуға және студенттік ортада балдық билерді кеңінен насихаттауға ықпал етті.