Республикалық психологтар Форумы

Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткен Республикалық психологтар Форумы аясында психология ғылымы мен тәжірибесінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген үздік ғалымдар мен мамандар марапатталды.

 Үздіктер қатарында университетіміздің Гуманитарлық мектебінің доценті, психология ғылымдарының кандидаты Садуова Жанар Нуралиевна да бар!

Бұл — көпжылдық тынымсыз еңбектің, кәсіби шеберліктің және ғылым мен тәжірибені ұштастыра білген ізденістің айқын нәтижесі.

 Құрметті Жанар Нуралиевна, Сізді осы жоғары жетістігіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да ғылым жолындағы еңбегіңіз жемісті болып, жаңа белестер мен толағай табыстарға жете беруіңізге тілектеспіз!

Мерейіңіз үстем, абыройыңыз асқақ болсын!