Шетелдік студенттермен көші-қон заңнамасы жөнінде кездесу өтті

 

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде   Түркістан қалалық Полиция басқармасының Көші-қон қызметі бөлімінің өкілдері шетелдік білім алушылармен кездесу өткізді.

            Кездесу барысында студенттерге Қазақстан Республикасына кіру және елден шығу тәртібі, оқу визасын алу мен тіркеу ережелері туралы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, заң талаптарын сақтау маңыздылығы атап өтіліп, құқық бұзушылықтардың салдары туралы ескертілді.

            Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, студенттер көші-қон заңнамасына қатысты өздерін қызықтырған көптеген сұрақтарға жауап алды.