

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің 1 курс студенттеріне арналған IUTH DEDICATION GALA 2025 салтанатты шарасы өтті.
Салтанатты кеште университетіміздің Басқарма Төрағасы-Ректор м.а Бекежан Қожабекұлы білімгерлерді құттықтап, ыстық лебізін білдірді.
Студенттің кезеңнің ең маңызды шарасында оқу орнымыздың талантты, дарынды студенттері бар өнерлерін ортаға салып, креативті жастар екендіктерін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Жиналған жастар жұлдызды қонақтың әсем әндерімен думандатып, әсерлі сәттер мен естен кетпес эмоцияларға бөленді.



