

2025-2027 жылдарға арналған ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша BR28713129 «Қазақстанға ислам дінінің енуін және таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу» нысаналы-бағдарламалық жобасының орындаушылары Л.С. Динашева мен Г.Б. Аширбек 26 қазаннан бастап 5 қарашаға дейін Түркия Республикасының тарих саласындағы маңызды құрылымдарына ғылыми іссапар жасап, Анкара және Гази университеттері кітапханаларынан, профессор ғалымдардың жеке қорларынан, сондай-ақ Мемлекет басшысының кітапханасынан (Cumhurbaşkanlığı Millet Kütüphanesi) құнды тарихи деректер мен материалдар жинақтады.
Жиналып отырған материалдар Түркістан өлкесіне ислам дінінің таралуын, оның қоғам өмірі мен мәдениетке әсерін, сондай-ақ мұсылмандық білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын жан-жақты зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл жұмыс өңір тарихын тереңірек түсінуге, тарихи процестерді дәлелді деректер арқылы көрсетуге бағытталған.







