«Түркістан мұрасы: тарихи және діни нысандарды ақпараттық-аналитикалық тұрғыдан зерделеу» тақырыбанда ғылыми семинар өтті

     Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатқан АР23490104 «Түркістан облысындағы діни туризм нысандарының ақпараттық әлеуетін зерделеу: 4 тілде мультимедиялық интерактивті атлас әзірлеу» атты гранттық жобасы аясында  «Түркістан мұрасы: тарихи және діни нысандарды ақпараттық-аналитикалық тұрғыдан зерделеу» тақырыбанда ғылыми семинар ұйымдастырылды.

     Іс-шарада т.ғ.к., ясауитанушы Жандарбек З.З. “Түркістан өңіріндегі әулиелі жерлердің мәдени және рухани сабақтастығы” атты баяндама жасап, PhD, қауымдастырылған профессор Сиздиков Б. “Түркістан қаласының өткені, бүгіні және ертеңі (тарихи және археологиялық деректер негізінде)” тақырыбында мазмұнды зерттеулерін ұсынды. 

      Баяндамалар ғылыми тереңдігімен, тарихи деректерге негізделген талдауымен және жаңашыл көзқарасымен ерекшеленді. Семинар барысында Түркістан облысының рухани-мәдени кеңістігіндегі тарихи және мәдени ескерткіштерге қатысты жазба деректер мен ғылыми еңбектер жүйеленіп, кешенді түрде қарастырылды. Жиын соңында қатысушылар Түркістан өңірінің тарихы, рухани мұрасы және қазіргі мәдени келбеті туралы мазмұнды пікір алмасты.