«EDP HUB Publishing»  ЖШС баспасы өкілдерімен кездесу өтті

 

Университетімізде «EDP HUB Publishing»  ЖШС баспасы “Білім берудің цифрлық трансформациясы: оқытушы мен ЖОО үшін жаңа мүмкіндіктер атты семинар өткізді. Семинарда білім беру үдерістерін цифрландыруға және қызметкерлер мен білім алушылардың цифрлық құзыреттіліктерін арттыруға  арналған маңызды дүниелер қозғалды. Сондай-ақ  ЖОО-ның жарияланымдық белсенділігін арттыруға бағытталған түрлі әдістер де назардан тыс қалмады.

Айта кетейік, “EDP HUB Publishing ЖШС өкілдерімен өткен келелі кездесу ық университеттің ғылыми әлеуетін ілгерілетуге, дәйексөз индексін арттыруға, DOI алуға, сондай-ақ авторлардың еңбектерін электронды кітапханаларға орналастыруға көмек болары сөзсіз.