Түркі университеттері Одағының 8-ші Бас Ассамблеясы (TÜRKÜNIB) 2025 жылғы 15 Қазанда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтті.

AP26103507 «Түркістан өңірінің қалалық мәдениеті әлеуметтік-мәдени эволюция және трансформация контекстінде (XVIII–XXI ғасырдың басы): дәстүрлі қаладан қазіргі заманға дейін» және AP26105447 «Түркістан облысының тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштері мәдени-тарихи туризмді дамыту контекстінде және олардың цифрландырылуы» жобалары шеңберінде жоба жетекшілері Динашева Л.С. мен Сандыбаева А.Д. 2025 жылғы 15 қазанда Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өткен TÜRKÜNİB-тің 8-ші Бас Ассамблеясына қатысты.

Ассамблея жұмысына мүше университеттердің өкілдері, Түркі мемлекеттер ұйымы (OTS), Түркі академиясы, TÜRKSOY және басқа да академиялық әрі мәдени ұйымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында ортақ бастамаларды дамыту, академиялық ынтымақтастықты нығайту және Одақтың болашақ дамуына қатысты шешімдер қабылданды.