
Ағымдағы жылдың 24 тамыз бен 1-қыркүйек аралығында Болгария мемлекеті София қаласында дзюдо спорт түрінен жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында университетіміздің студенті Батырғали Ернұр І-орын иеленді. Оқу ордамызды Әлем чемпионатында танытқан студентімізді құттықтаймыз!