Жолдауды талқылау мақсатында «AMANAT» партиясының өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйекте жариялаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау мақсатында «AMANAT» партиясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Жиын барысында партия өкілдері Жолдауда көрсетілген басты басымдықтар мен стратегиялық міндеттерді жан-жақты түсіндіріп, олардың ел болашағы мен жас ұрпақ үшін маңызын атап өтті.

Бұл кездесу жастардың азаматтық белсенділігін арттырып қана қоймай, олардың мемлекеттік бастамаларды жүзеге асыруға тікелей үлес қосуына ықпал етеді.