Салтанатты марапаттау рәсімінде бірқатар оқытушы-профессорларымыз Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің айрықша марапаттарына ие болды.
- Дене шынықтыру және спорт мектебінің профессор м.а., PhD оқытушысы Лаура Исмаилбекқызы – «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен;
- Гуманитарлық мектебінің директоры, қауымдастырылған профессор (доцент), тарих ғылымдарының кандидаты Лязат Динашева – «Ахмет Байтұрсынұлы» төсбелгісімен;
- Тіл мектебінің қауымдастырылған профессор (доцент) м.а., филология ғылымдарының кандидаты Гүлнар Абылова – «Тіл жанашыры» құрмет дипломымен марапатталды.
Ұстаздарымыздың ғылым мен білім жолындағы еңбегі – жас ұрпаққа бағдаршам, еліміздің болашағына қаланған берік іргетас.
Барша марапат иелерін шын ықыласпен құттықтай отырып, жаңа табыстар мен шығармашылық шабыт тілейміз!