
Алғаш рет университет ғалымдары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсында грант жеңіп алды. Жоба тақырыбы “Қазақстанға ислам дінінің енуін және таралуын археологиялық және жазба деректер негізінде зерттеу”.
Сонымен қатар, университетіміздің үш ғылыми жобасы аталған министрліктің гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетіп, үздік ғылыми бастамалар қатарынан орын алды. Жоба тақырыптары: 1. Туризм саласының мамандарына шет тілін оқытуда геймификацияны қолдану арқылы иммерсивті білім беру ортасын педагогикалық жобалау. 2. Түркістан өңірінің қалалық мәдениеті әлеуметтік-мәдени эволюция және трансформация контекстінде (XVIII – XXI ғасырдың басы): дәстүрлі қаладан қазіргі заманға дейін. 3. Түркістан облысының тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштері мәдени-тарихи туризмді дамыту контекстінде және олардың цифрландырылуы.
Бұған қоса, алғаш рет университетіміздің ғылыми жобасы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым қоры арқылы коммерцияландыру бағыты бойынша қаржыландырылатын болды. Жоба тақырыбы “HubTur.kz – бірегей маршруттар мен іс-шараларды іздеу мен брондауды жеңілдететін туристік қызметтерді дамытуға арналған кешенді цифрлық платформа”
Бұл – зерттеуші ғалымдарымыздың кәсіби шеберлігінің, табандылығы мен ортақ мақсат жолындағы бірлігінің нәтижесі