
Білім алушыларды ғылыми-зерттеу жұмысына тарту мақсатында 2025 жылдың 27-31 қаңтар аралығында Университетте ІV Студенттік ғылыми-теориялық конференция ұйымдастырылды.
Конференцияның мақсаты – білім алушыларда туризм, қонақжайлылық және сервис саласында өз бетінше зерттеу және практикалық жұмыс істеу үшін қажетті кәсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытудың өзекті мәселелерін талқылау, сондай-ақ ғылыми нәтижелер мен зерттеу тәжірибесімен алмасу.
Конференцияға барлық білім беру бағдарламаларының өкілдері қатысты. Конференцияға ғылыми зерттеулердің әртүрлі өзекті бағыттарын қамтитын Туризм, Қонақ үй және мейрамхана бизнесі, Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық, Гуманитарлық ғылымдар және Тілдер секциялары бойынша жүргізілді және осы секцияларда 144 баяндама тыңдалды. Пленарлық мәжілісте және секция отырыстарында баяндама жасаған білім алушыларды І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен және сыйлық сертификаттарымен марапатталды.