Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаевтың сапары

 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің кеңесшісі Руслан Емелбаев жұмыс сапары аясында университетке келіп, қабылдау комиссиясының жұмысымен танысты.

Кездесу барысында кәсіби бағдар беру, талапкерлер үшін цифрлық қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ жастармен тиімді коммуникация орнатудың заманауи тәсілдері — әлеуметтік желілердегі нысаналы жарнамадан бастап интерактивті онлайн-платформаларға дейінгі мәселелер талқыланды.

Әсіресе талапкерлер үшін мотивациялық орта қалыптастыруға және жеке білім беру траекторияларына бағытталған тәжірибелерді дамытуға ерекше назар аударылды.