
2025 жылғы 12-13 мамыр аралығында «Білім сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі» (IQAA) «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Білім беру бағдарламаларын бастапқы бағдарламалық аккредиттеуден өткізу шеңберінде сыртқы сараптамалық тобының іссапары өтті. 2025 жылғы 14 маусымда өткен Аккредиттеу кеңесі отырысының қорытындысы бойынша «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Білім беру бағдарламаларын 5 жыл мерзімге аккредиттеу туралы шешім шығарылды.
Университет басшылығы «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КЕАҚ Халықаралық бастапқы бағдарламалық аккредиттеуден өтуімен құттықтайды және ұжымға одан әрі тиімді қызмет пен жаңа жетістіктер тілейді!