Жаз мезгілінде 200-ден астам IUTH студенті жұмыспен қамтамасыз етіледі

▫️Туризм және спорт министрлігіне қарасты Халықаралық туризм және меймандостық университетінің (IUTH) 200-ден астам студенті жаз мезгілінде туризм және меймандостық саласындағы кәсіпорындарда уақытша жұмыспен қамтылады.

🔹Атап айтқанда:
– 100-ден астам студент қоғамдық тамақтану орындарында;
– 64 студент қонақүйлер мен орналастыру орындарында;
– 52 студент демалыс және ойын-сауық нысандарында жұмыс істейді.

▫️Өндірістік тәжірибе ақылы негізде өтеді және студенттерге нақты өндірістік ортада тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Тәжірибені сәтті аяқтаған жағдайда студенттер стипендиясын сақтай отырып, ресми жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.

✅Толығырақ Министрліктің ресми сайтында