12 сәуір – Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті

Университетімізде 12 сәуір – Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне орай салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Аталған шарада оқу орнының ректоры Әлібек Шоқпаров ұжымды кәсіби мерекемен құттықтап, жүрекжарды лебізін білдірді. Сонымен қатар ғылымның дамуына сүбелі үлес қосып, абыройлы қызмет атқарып жүрген бірқатар ғалымдарымыз Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің атынан “Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін” төсбелгісімен, “Алғыс хатпен” және “Құрмет грамотасымен” марапатталды