«Ұлттық мүдде және мемлекетшілдік сабақтары: Жұмабек Тәшеневтің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті

Blockquote item sample content

Blockquote Author

Университетімізде «Ұлттық мүдде және мемлекетшілдік сабақтары: Жұмабек Тәшеневтің мұрасы» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның салтанатты ашылуы өтті.

Аталған ауқымды жиын — көрнекті мемлекет қайраткері Жұмабек Ахметұлы Тәшеневтің 110 жылдық мерейтойына арналған. Конференцияның басты мақсаты – қайраткердің тарихи мұрасын жан-жақты зерттеп, оның Қазақстан тарихындағы рөлін терең түсіндіру, жаңа ғылыми ізденістер мен зерттеулерге жол ашу.

Конференция жұмысына Қазақстан мен шетелдің жетекші ғалымдары, мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйым өкілдері, қоғам қайраткерлері және жас зерттеушілер арнайы қатысты.

Ғылыми-теориялық конференция пленарлық отырыстар мен мазмұнды панельдік сессиялар форматында жалғасын тапты.