Университетімізде күштік спорт түрлерінен Түркістан облысының ашық чемпионаты өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің спорт кешенінде күштік спорт түрлерінен Түркістан облысының ашық чемпионаты өтті.

Чемпионат қол күресі, классикалық жатып сығымдау, халықтық жатып сығымдау және бицепске көтеру спорт түрлерінен ұйымдастырылды. Айтулы жарысқа профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастардан құралған университет құрамасы тұңғыш рет қатысып, абырой биігінен көрінді. Жарыс жеңімпаздары тиісті дәрежедегі дипломдармен, бағалы сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды.

Барлық жеңімпаз ауыр атлеттерді жеңістерімен құттықтаймыз!