2024-2025 оқу жылының I-ші жарты жылдығының қорытындысы бойынша босаған мемлекеттік білім беру гранттарына конкурс жарияланады:
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес, 2024-2025 оқу жылы, І-жарты жылдығының нәтижесінде босаған бос білім беру гранттарына үміткерлер өтінішті «Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректордың атына жолдау қажет (үлгі қосымшада).
Өтінішті 2025 жылдың 20 қаңтарға дейін тіркеу кеңсесіне (Бас ғимарат, 104а) келіп жазасыздар немесе office@iuth.edu.kz поштасына жіберіңіздер (Өтінішті өз қолыңызбен жазуыңыз керек). Көрсетілген күннен кейін жіберілген өтініштер қаралмайды.
Грант қысқы сессия нәтижелері бойынша GPA орташа балының негізінде беріледі (нақтырақ айтқанда, қатысушылар арасында GPA баллы ең жоғары көрсеткіштері бойынша іріктеледі). GPA үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, тек А, А- (Өте жақсы), келесі кезекте А, А- (Өте жақсы) бастап В+, В, В-, С+ (жақсы) дейінгі бағалары, бұдан әрі қарай оқудың барлық кезеңі үшін аралас бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады.