Университетімізде мемлекеттік білім беру грантын міндетті еңбекпен өтеу мәселелерін түсіндіру бойынша кездесу өтті

Университетімізде «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаментінің жетекші маманы Ақзира Серікқали мемлекеттік білім беру грантын міндетті еңбекпен өтеу мәселелерін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлерінің 2025 жылғы түлектері қатысты.
Ондағы мақсат, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандарды жұмысқа бөлуге және орналастыруға, сондай-ақ грантты міндетті еңбекпен өтеуге қатысты мәселелерін түсіндіру.