Сіздерді университетімізде 26 қараша күні «Қаржы орталығы» АҚ мониторинг департаментінің жетекші маманы Ақзира Серікқалиқызымен мемлекеттік білім беру грантын міндетті еңбекпен өтеу мәселелерін түсіндіруге бағытталған кездесуге шақырамыз.
Іс-шара мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқыған жас мамандарды жұмысқа бөлуге және орналастыруға, сондай-ақ грантты міндетті еңбекпен өтеуге қатысты мәселелерді түсіндіруге бағытталады.