Ережені жүктеу (қазақша) (орысша)
Магистратура Пререквизиттері (қазақша) (орысша)
Сіздерді IUTH магистратурасына шақырамыз – табыс пен мансаптық өсуге қадам!
Біздің заманауи магистратура бағдарламаларымен жаңа білім мен мүмкіндіктер көкжиегін ашыңыз. Алдыңғы қатарлы сарапшылар мен тәжірибелі мамандардан білім ала отырып, сіз терең теориялық білім ғана емес, сонымен қатар өз саласында көшбасшы болуға көмектесетін бірегей практикалық тәжірибе де жинайсыз.
«7М111 Қызмет көрсету саласы» кадрлар даярлау бағыты бойынша ашылған білім беру бағдарламалары: Толық ақпарат үшін https://talapker.iuth.edu.kz/
* «7М11101 – Туризм менеджменті» (ғылыми-педагогикалық бағыт, 2 жыл)
* «7М11102 – Туризм менеджменті» (бейіндік бағыт, 1 жыл)
* «7М11105 – Туризм менеджменті» (бейіндік бағыт, 1,5 жыл)
Ғылыми-педагогикалық магистратураға тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша кемінде 7️⃣5️⃣ балл, бұл ретте шет тілі бойынша кемінде 2️⃣5️⃣ балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша (Туризмология негіздері) – кемінде 7️⃣балл, екінші бейінді пән бойынша (Экскурсиятану) – кемінде 7️⃣балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Бейінді магистратурада тұлғаларды қабылдау КТ қорытындылары бойынша кемінде 3️⃣0️⃣ балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейінді пән бойынша (Туризмология негіздері) – кемінде 7️⃣балл, екінші бейінді пән бойынша (Экскурсиятану) – кемінде 7️⃣балл жинаған жағдайда жүзеге асырылады.
Бейінді магистратураға саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне, тиісті салалардағы азаматтық қызметшілері лауазымдарының тізіліміне сәйкес басшы лауазымында кемінде бес жыл өтілі бар немесе білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес мамандығы бойынша кемінде 10 жыл еңбек өтілі бар тұлғалар ХТжМУ қабылдау комиссиясы өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша ақылы негізде қабылданады.
Неліктен бізді таңдайды?
* Заманауи нарық талаптарына бейімделген білім бағдарламалары.
* Халықаралық ынтымақтастық және шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі.
* Ғылыми жобалармен жұмыс істеуге арналған зертханалар мен ғылыми орталықтар.
* Әрбір студентті қолдайтын жылы академиялық орта.
🌐Өтініштерді қабылдау келесі мерзімдерде Ұлттық Тестілеу Орталығының сайтында https://app.testcenter.kz/auth орындалады:
* күнтізбелік жылғы 1 маусым мен 8 шілде;
* күнтізбелік жылғы 28 қазан мен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.
Кешенді тестілеу келесі мерзімдерде:
* күнтізбелік жылғы 20 шілде мен 10 тамыз аралығында;
* күнтізбелік жылдың 18 қараша мен 11 желтоқсан аралығында жүргізіледі.
Магистратураға қабылдау келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
* күнтізбелік жылғы 15 тамыздан 28 тамызға дейін;
* күнтізбелік жылғы 26 желтоқсаннан 10 қаңтарға дейін.
💻Күнтізбелік жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 желтоқсанға дейін жарамды. Күнтізбелік жылғы 18 қарашадан 11 желтоқсанға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылғы 1 наурызға дейін жарамды.
📍Мекен-жайымыз:
161200, Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі №14А.
Қабылдау комиссиясы https://talapker.iuth.edu.kz/
📞Байланыс:
WhatsApp: +7 (707) 317-43-56, +7 (708) 478-42-14, + 7 (708) 225-83-27
📱Оқуға түсудің өзекті сұрақтары бойынша https://wa.me/message/MVN34VP7I33ZL1
📨Университет жайлы толық ақпарат алу үшін https://instagram.com/iuth_official?igshid=YmMyMTA2M2Y
Амбициялы кәсіпқойлар қауымдастығына қосылыңыз, жаңа шыңдарды бағындыруға дайын болыңыз! Сіздің болашағыңыз IUTH магистратурасынан басталады.
Табысқа бүгіннен бастап қол жеткізіңіз!