Түркістан облысының тұңғыш әскери кафедрасының алғашқы әскери ант қабылдау рәсімі өтті

Халықаралық туризм және меймандостық университетіндегі Түркістан облысының тұңғыш әскери кафедрасының алғашқы әскери ант қабылдау рәсімі өтті.
Шараға әскери кафедра студенттері мен университет ұжымы және ата-аналар қатысты.
Аталған рәсімде әскери кафедраның 46 студенті салтанатты түрде ант қабылдады.
Жиында ректор Әлібек Жұмабекұлы ант қабылдаған студенттерді құттықтады. Сондай-ақ берген антқа адал, сертке берік болу қажет екендігін жеткізді.