ЖАЯУӘСКЕР ҰРЫС МАШИНАСЫ ЖҰМ-2

ЖҰМ-2 бұл сауытталған шынжыр табан- ды машина. Ол бөлімшенің жеке құрамын орналастыруға, ұрыс жүргізуге және жыл- жуға арналған.

ЖҰМ зеңбірекпен, пулеметпен және танкіге қарсы басқарылатын реактивті снарядтармен жабдықталған.

Машина маневрлі және өтімділігі жоғары, өте жылдам қозғалады, су бөгеттерінен, жолсыз, батпақ жерлерден және қалың қардан жақсы өтеді. ЖҰМ ядролық жарылыстың зақымдаушы факторларына қарсы қорғану жүйесімен және түнде көру аспаптарымен жабдықталған.

 

 

 

ЖҰМ-2 негізгі бөліктері мен механизмдері

1 – салқындатқышты сұйықтықпен толтыруға арналған саңылау тығыны;

2 – май багын толтыруға арналған саңылау тығыны;

3 – алдыңғы габаритті фонарь;

4 – 7, 13 – сорғыштармен су шығаруға арналған саңылау;

5 – 2А42 зеңбірегі;

6 – ПКТ зеңбірекке қосарланған оқ- шашары (пулеметі);

8 – мұнара;

9 – 902В «Туча» 81 мм түтін гранатасын ұшыру жүйесі;

10 – борттық габариттік фонарь;

11 —командир люгі;

12 -артқы габаритті фонарь;

14,17 – отын бактарына жанармай құюға арналған саңылау тығындары,

15 – десанттық бөлімшенің люктері,

16- ауа алмасу құбыры;

18 – көздеуші оператор люгі;

19 – ФПТ-ға арналған люк;

20 – ТНПТ – 1 аспаптары;

21 – БПК-1-42 көздегіші;

22 – ТНПО 170А аспаптары;

23 – десантшының люгі;

24 – механик-жүргізушінің люгі;

25 -қозғалтқыштың люгі;

26 – беріліс қорабының сүңгісіне арналған саңылау тығыны.

ЖҰМ 2 ортасынан бөленген көрінісі 

1 – 2А42 зеңбірегі;

2 – механик-жүргізушінің люгі;

3 – десантшінің люгі; 

4 – ПКТ қосарланған оқшашары (пулеметі);

5 – мұнара; 

6 – БПК-1-42х көздегіші;

7 – іске қосқыш қондырғы;

8 – танкіге қарсы басқарылатын ракетаның (ТҚБЗ-ПТУР) оқжатары; 

9 – Р-123М радиостанциясының антеннасы; 

10, 12 – жанармай құятын багі;

11 – десантшілердің люгі;

13 – артқы есік; 

14 – тірек аунақ;

15 – 2А42 зеңбірегінің оқжатары;

16 – көздеуші оператордың орындығы;

17 – ТКО (ПКТ) оқжатары;

18 – десантшының орындығы; 

19 – механик-жүргізушінің орындығы;

20 – күштік бөлімшенің қалқаны;

21 – өртке қарсы жүйенің (ӨҚЖ-ППО) баллондары.

ЖҰМ 2 негізгі бөліктері

ЖҰМ 2 механизмдері мен жабдықтарының орналасуы

ЖҰМ 2 машинасының механизмдері мен жабдықтарының орналасуы бойынша төрт бөлімшеге бөлінеді:

  • күштік бөлімше

  • басқарма бөлімшесі

  • жауынгерлік бөлімше

  • десанттық бөлімше

Басқарма бөлімшесі машинаның алдыңғы бөлігінің сол жағында орналасқан, онда:

  • механик жүргізушінің және десантниктің орындары;

  • машинаны және арнайы жабдықты басқару органдары;

  • аспаптардың орталық қалқаны;

  • бақылау құрылғылары мен байланыс құралдары;

  • сүзгі желдету қондырғысы (ФВУ) ;

  • арнайы электрондық жабдықтардың тораптары мен аспаптары;

  • радациялық және химиялық барлау құрылғысы орналасқан.

Күштік бөлімше корпустың алдыңғы оң жағында орналасқан, барлық машинадан жылу-дыбыс оқшаулағыш қалқамен бөлінген, онда агрегаттарға қол жеткізу үшін люктері бар, онда орналасқан:

  •  Күштік қондырғы мен трансмиссияның агрегаттары, тораптары және аспаптары;

  • Сығымдағыш;

  • Су соратын сорғыш.

Жауынгерлік бөлімше машинаның ортаңғы корпус бөлігінде күштік бөлімшеден кейін орналасқан, оған мұнара және корпустың бір бөлігі кіреді, онда орналасқан:

  • Командир мен көздеуші – оператордың орындары;

  • 2А42 автоматты зеңбірек және онымен біріктірілген ПКТ пулеметі, ПТРК 9135, 902В жүйесі;

  • Бақылау және көздеу, ату аспаптары;

  • Айналмалы еденде ПКТ оқжатары және зеңбіректі снарядтарын таспалы қоректенумен қамтамасыз ету жүйесі.

Десанттық бөлімше машинаның соңғы жағында орналасқан, онда:

 
  • Отын бактары және аккумуляторлық бөлік;

  • 6 десант орындықтары;

  • Ату үшін ойықтар (амбразуралар) сақтануды қамтамасыз ететін жүйе;

  • Қосалқы құралдар мен аспаптардың жиынтығы орналасқан.