ҚОРҒАНЫС

Қорғаныс мақсаты:

1.Асып түскен қарсылас күштерінің шабуылын тойтару;

2.Қарсыласқа барынша көп шығын келтіру;

3.Жергілікті жердің маңызды аудандарын (бекіністі) ұстап қалу;

4.Кейінгі әркеттер үшін ұтымды жағдай жасау.

Қорғаныс түрлері:

Бекіністі

Қорғаныстың негізгі түрі, корғаныстың басты мақсатына толық сәйкес келеді. Жергілікті жердің қорғанысқа дайындалған аудандарын табанды ұстап тұру барысында қарсылысқа ең көп шығын келтіру арқылы жүргізіледі.

Маневрлі

Қорғаныс талаптары

Тұрақты және белсенді: қарудың барлық түрлерін қолдану арқылы қарсылас соққыларына тойтаруға қабілетті, оның асып түскен күштерін шабуылын майданнан және қапталдардан тойтаруға қабілетті болуы қажет. Ол қарсыластың жоғары дәлдік қаруын, жаппай қырыпжою құралдарын және радиоэлектронды күресті қол- дануы жағдайында ұрысты ұзақ жүргізуге дайын болуы тиіс.

Қорғаныстың ұыймдастырылуы екі жағдайда іске асырылады:

1. Қарсыласпен түйіспеу жағдайында

  • қарсылас жағындағы кіреберістерді мұқият зерттеу;

  • атыс жүйесі құрылымын белгілеу;

  • бекіністі инженерлік тұрғыда толығырақ жабдықтау;

  • алғы шеп алдында бөгеулер орнату;

  • атыс секторын тазалау.

2. Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында

  • тиімді шептерді басып алу;

  • қарсыластың атысы астында қорғанысты ұйымдастырумен байланысты барлық жұмыстарды жүргізу;

  • ұрысты жалғастыра отырып бекіністі таңдау, оны инженерлік тұрғыда жабдықтау;

  • бағыныстыларға міндеттер қою;

  • атыс жүйесін және өзара әрекеттестікті ұйымдастыру.

Бөлімше командирінің қорғанысқа көшу жауынгерлік міндетін алғаннан кейінгі жұмысы:

Қарсыласпен түйісусіз қорғанысқа көшу жауынгерлік міндетін алғаннан кейін мотоатқыш бөлімшесінің командирі

  • оны қайталайды (қажет болған жағдайда жазып алады);

  • алынған міндетті зерттейді және ұғынады;

  • жағдайды бағалайды және ұрыс мәнін әзірлейді;

  • шешім қабылдауды аяқтайды, ұрыс тәртібі элементтеріне жауынгерлік міндеттер белгілейді (жауынгерлік топтарға, жеке құрамға және атыс құралдарына);

  • өзара әрекеттестікті, жан-жақты қамтамасыз етудің іс-шараларын орындауды және басқаруды ұйымдастырады;

  • бөлімшені атыс бекінісіне шығарады;

  • жауынгерлік бұйрық береді;

  • бақылауды, атыс жүйесін және фортификациялық жабдықтауды ұйымдастырады;

  • бөлімшенің атыс карточкасын әзірлейді және оны взвод командиріне ұсынады;

  • бөлімшенің дайындығын аяқтайды, оның ұрысқа әзірлігін тексереді;

  • белгіленген уақытта взвод командиріне баяндайды.

    Қарсыласпен тікелей түйісу жағдайында бөлімшенің қорғанысқа көшуі барысында одан көрі қиынырақ жағдай қалыптасады. Бөлімше командирі бір уақытта бөлімшені ұрыста басқаруға және қорғанысты ұйымдастыру бойынша жұмысты жүргізуге мәжбүр. Ең алдымен, бөлімше командирі көрсетілген шепті басып алу және ұстап тұруды ұйымдастыруы қажет, осы барысында ол:

  • алынған міндетті зерттеп, ұғынады;

  • жағдайды бағалайды және ұрыс мәнін әзірлейді;

  • көрсетілген шепті бекіту барысында ол шешім қабылдауды аяқтайды;

  • жауынгерлік топтарға (жеке құрамға және атыс құралдарына) көрсетілген атыс бекінісін алуға міндеттер қояды;

  • майдан алдында және қапталдарда бақылауды, атыс жүйесін және ұрыс бекінісін фортификациялық жабдықтауды ұйымдастырады.

    Кейіннен бөлімше командирі:

  • қабылданған шешімді нақтылайды;

  • жауынгерлік бұйрық береді;

  • өзара әрекеттестікті, жан жақты қамтамасыз етудің іс-шараларын орындауды және басқаруды ұйымдастырады;

  • бөлімшенің атыс карточкасын әзірлейді және оны взвод командиріне ұсынады;

  • бөлімшенің дайындығын аяқтайды, оның ұрысқа әзірлігін тексереді және белгіленген уакытта взвод командиріне баяндайды.

Мотоатқыштар взводының (МАВ) тірек пункті

МАВ құрамы:

Бөлімшелердің бекіністерінен, штаттық және берілген бөлімшелердің атыс бекіністерінен, мергендердің бекіністерінен, взводтың командалық бақылау пунктінен, жауынгерлік машиналар тобының орналысу ауданынан тұрады.

ҚОРҒАНЫСТАҒЫ БӨЛІМШЕНІҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ТӘРТІБІ

Қорғаныста бөлімше, әдетте взвод құрамында әрекет етеді, сонымен бірге резервте болуы, ұрыс күзеті құрамында әрекет етуі, взвод құрамында жауынгерлік барлау шолғыны мен атыс торуылына тағайындалуы, батальонның сауыты тобына кіруі мүмкін.

АТЫС ЖҮЙЕСІ

Бөлімше командирі бөлімшенің, ату карточкасын құрайды, оған келесілер жазылады:

  • бағдарлар олардың, нөмірлері, атаулары және оларға дейінгі арақашықтық;

  • қарсылас жағдай, бөлімше бекінісі, атыс алқабы және атуды қосымша секторлары, жаяу әскер ұрыс машинасының, снайпердің, пулеметтің, гранатометтың негізгі жәңе қосымша атыс бекіністері, әрбір бекіністен (танкіге қарсы қол гранатометынан және мергенін, ату секторанын басқа) негізгі және қосымша ату секторлары;

  • көршілер бекіністерін және бөлімше қапталындағы олардың атыс алқаптар шегі;

  • шоғырланған атыс, ал гранатомет бөлімшесі үшін взводтың гранатомет атысы шептері және бөлімше атыс жүргізетін ондағы орындарды;

  • бөлімше бекінісінің маңында орналасқан және оның атысымен тасаланған бөгеулер.

ВЗВОД КОМАНДИРІНІҢ ҚОРҒАНЫСҚА КӨШУ ЖАУЫНГЕРЛІК МІНДЕТІН АЛҒАННАН КЕЙІНГІ ЖҰМЫСЫ

  • АЛЫНҒАН МІНДЕТТІ ҰҒЫНУ

  • ЖАҒДАЙДЫ БАҒАЛАУ

  • ШЕШІМДІ ҚАБЫЛДАУ

  • АЛДЫН АЛА БАРЛАУДЫ ЖҮРГІЗУ

  • ЖАУЫНГЕРЛІК БҰЙРЫҚТЫ БЕРУ

  • ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ, ЖАУЫНГЕРЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ЖӘНЕ БАСҚАРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

  • ЖЕКЕ ҚҰРАМНЫҢ, ҚАРУ-ЖАРАҚ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ҰРЫСҚА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРУ

  • ВЗВОДТЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК ТАПСЫРМАНЫ ОРЫНДАУҒА ДАЙЫНДЫҒЫН ТЕКСЕРУ

  • РОТА КОМАНДИРІНЕ ВЗВОДТЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК МІНДЕТТІ ОРЫНДАУҒА ӘЗІРЛІГІ ТУРАЛЫ БАЯНДАУ

Барлық жағдайда взвод командирі, аға командирлердің нұсқауын және міндетті алуды күтпей-ақ қару-жарақ пен жауынгерлік техниканы жауынгерлік қолдануға, ал жеке құрамды жауынгерлік міндетті орындауға дайындауды ұйымдастыруы қажет.

Взвод командирі, ұрысты ұйымдастыру бойынша жұмысты бастай келе, оларды жүргізудің іс-шаралары мен мерзімдерін белгілейді.