Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым Комитеті жариялаған 2024-2026 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсынан университетімізден 2 жоба және жас ғалымдарды қаржыландыру конкурсында 1 жоба Ұлттық ғылыми кеңес қарауында қаралып, қаржыландырылуға шығарылды.
Олар: AP22787128 «Шетел тілін оқытуда геймификация мен арт-терапияны қолданып туризм мамандарының лингвокоммуникативтік шығармашылығын дамыту» жобасы 74 188 702 тг жеңіп алды. Жоба жетекшісі Ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, PhD, қауымдастырылған профессор Ризаходжаева Гульнара Абдумажитовна.
AP23490104 «Түркістан облысында діни туризм нысандарының ақпараттық әлеуетін зерделеу: 4 тілде мультимедиялық интерактивті атлас әзірлеу» жобасы 87 949 736 тг қаржыландырылуға шығарылды. Ғылыми жеткшісі Гуманитарлық мектебінің филос.ғ.к., қауымдастырылған профессор Малдыбек Ақмарал Жұмағұлқызы.
AP23488900 «Жасанды интеллектті қолдана отырып, әлеуметтік желілерде жастар арасында кибербуллингті автоматты түрде анықтау» жобасы 59 772 298 тг. жеңіп алды. Ғылыми жеткшісі Гуманитарлық мектебінің техн.ғ.к., қауымдастырылған профессор Абдрахманов Рустам Бахтиёрулы.
Үздік деп табылған жоба жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Қазақстандағы ғылымның игі бастамасы үшін қолдау тапқан өнімді жобаларыңызға әрі қарай сәттілік тілеп, жаңа ғылыми жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!