Белсенді студенттерге Министрдің арнайы алғыс хаты табысталды

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің белсенді студенттеріне ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің алғыс хаты табысталды. Арнайы алғыс хатты университет Басқарма төрағасы – Ректоры Әлібек Жұмабекұлы табыстап, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі  Саясат Нұрбек университет білім алушылары Қалдаяқ Гүлім, Асанханова Аружан, Куандыкова Асель, Қалекеш Назерке және Досан Аружанға су тасқынының алдын алу және оның зардаптарымен күресу жолында атқарған қызметтеріне ризашылық білдіріп, адал істеріне алғысын білдірген.

Әлеуметтік салада белсенділік танытып жүрген студенттерімізге университет ұжымы атынан алғыс білдіреміз!