«Алау» командасы республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орын иеленді

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің «Алау» командасы республикалық пәндік олимпиадада жүлделі орын иеленді. Университет Басқарма төрағасы – Ректоры Әлібек Жұмабекұлы жеңімпаз студенттер мен жетекшісін арнайы марапаттап, алғысын білдірді.

«Туризм» білім беру бағдарламасы бойынша XVI республикалық студенттік пәндік олимпиадасының «спорттық туризм және туристік көпсайыс» кезеңі бойынша ұйымдастырылған сайысқа университет оқытушысы Сабидолла Ерсайын жетекшілік етті. Ерсайын Дулатұлына дарынды және шығармашылық деңгейі жоғары студенттерді дайындап, білім саласын арттыруға қосқан үлесі үшін арнайы алғыс хат табысталды. Одан бөлек, «спорттық туризм және туристік көпсайыс» кезеңі бойынша Сабытов Тұрар жекелей бірінші орынды иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

Айта кетейік, XVI республикалық студенттік пәндік олимпиаданың қорытындысы бойынша келесі жылы республикалық олимпиада Халықаралық туризм және меймандостық университетінде өтетін болады.

Жеңімпаз студенттерді жүлделі орындарымен шын жүректен құттықтап, университет ұжымы атынан алғыс білдіреміз.