Жазғы сессия қарсаңында «Таза сессия» акциясы өткізілді. Оның негізгі мақсаты студенттердің, білім алушылардың, профессор-оқытушылар құрамының, университет қызметкерлерінің құқықтық санасын, сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілігін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Акция шеңберінде университетте білім беру ортасындағы бейресми қатынастар мен сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған емтихан сессиясының объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар іске асырылды.
ЖОО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізілді: ұсыныстар мен ескертулер үшін электрондық «Сенім жәшігі» жұмыс істейді, онда студент өз сұрақтары мен ескертулерін жібере алады.
Университет басшылығы студенттерді ЖОО-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу мәселелеріне белсенді қатысуға, сондай-ақ «таза сессияның» өтуін бақылауға және сапалы білім алу құқықтары шеңберінде әділдікке қол жеткізуге шақырады.
Университетте жүргізіліп жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы барлық жұмыс жастардың алған білімдерін, студенттің өміріндегі кез келген сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы тұрақты иммунитетті қалыптастыруға бағытталған.
Құрметті студенттер, оқытушылар және қызметкерлер! Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы келесі мекенжай мен телефон бойынша хабарлауға болады:
Электрондық пошта: d.beisembaeva@iuth.edu.kz
+ 7-702-583-08-00 (WhatsApp) – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің басшысы