Халықаралық туризм және меймандостық университетінің Әскери кафедра бастығы, запастағы Полковник Баимбетов Қуаныш Бағдатұлына ҚР Қорғаныс министрлігінің марапаты табысталды.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылған күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығы мерекесі қарсаңында табысталған арнайы марапатты Басқарма төрағасы-Ректоры Әлібек Шоқпаров тапсырды.
Онда, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Дархан Ахмедиев Қарулы Күштердің құрылысына, әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру жұмыстарына белсенді қатысып, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруге ат салысып жүргеніне алғыс білдірген.
Университет ұжымы атынан Әскери кафедра бастығы Баимбетов Қуаныш Бағдатұлын құттықтаймыз!
Медиа және PR орталығы