Халықаралық Туризм және меймандостық университетінде, Ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Start Up – жастарға бизнеске бағдар» аясында семинар өтті.
Онда PeakSoft веб агенттігінің менеджері Даулет Дүкенбай, Startup Yasawi эксперті Қанат Әлішер және Түркістан қаласы аймағы бойынша Astana Hub менеджері Айткалиев Галымжан өз тәжірибесімен бөлісіп, студенттерге Start Up жобаларды іске асыруда бірінші жасалатын қадамдар жайында сөз қозғады.
Аталмыш іс-шараға 100 шақты студент қатысып, Start Up жайында өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, тың идеяларымен бөлісті.