Халықаралық туризм жəне меймандостық университетінде 2024 жылдың 9 сəуір күні «Қазақстан туризмін әлемдік деңгейде дамыту: мәселелері және перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы өтеді.
Конференцияның мақсаты – Қазақстан туризмін әлемдік деңгейде дамытудың өзекті мəселелері бойынша ғалымдар мен мамандардың ғылыми нəтижелері мен практикалық жұмыс тəжірибесін талдау және жинақтау.
Конференцияның негізгі бағыттары:
- Қазіргі таңдағы әлемдік туризмнің даму жағдайы.
- Халықаралық туризмнің даму тенденциялары.
- Қазақстан туризмінің қазіргі таңдағы жағдайы.
- Қазақстандағы туристік қызметтің даму тенденциялары.
- Қазақстандағы туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі туристік кластердің рөлі.
- Қазақстандағы туризмді дамыту тәжірибесі мен болашағы.
- Қазақстандағы туризмнің орнықты дамуының өзара байланысының экономикалық, әлеуметтік және институционалдық аспектілері.
- Туризм Қазақстандағы экономиканың даму факторы ретінде.
Конференцияны өткізу күні: 09.04.2024ж.
Өткізу форматы: аралас (онлайн-офлайн).
Конференцияны өткізу орны: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, «Ұлы Дала Елі» орталығы, Жолбарысхан көшесі 1/2, Конференц залы.
Назар аударыңыз:
- Конференцияға қатысу үшін мақала 2024 жылдың 15 наурызға дейін жіберілуі тиіс;
- Жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын, түрік;
- Конференцияға қатысу тегін.
Баяндама мəтініне қойылатын талаптар:
- Баяндаманың (мақаланың) көлемі 5-7 беттен (А4 форматы) аспауы тиіс, шрифт – 12 MS Word бағдарламасы. Кестелер, диаграммалар, суреттер тақырыптарымен берілуі жəне Windows бағдарламасында жинақталған болуы керек.
- Жоғарғы шегі – 2 см, төменгі – 2 см, оң жағы – 1,5 см, сол жағы – 3 см, Шрифт: Тimеs New Roman, кегль – 12.
- Қатараралық интервал – бірлік. Абзац: 1,25 см.
- Баяндаманың соңына əдебиеттер тізімі беріледі. Сілтеме тік жақшаға алынып, қайталанған жағдайда реттік номеріне сай пайдаланылған əдебиеттің беті көрсетіледі. Мысалы: [7, 3 б.]. ағылшын тіліндегі нұсқасында үтір орнына нүкте қойылады, мысалы 1,2 – деп көрсетілген сілтемені 1.2. етіп түзету керек.
- Мəтін құрылымы Мақала атауы, Түйін, IMRAD – мұндағы I – Introduction (кіріспе), M – Methods (əдіс-тəсілдер), R – Results (зерттеу нəтижелері), A – жəне, D – conclusion+ discussion (қорытынды, нəтижелерді талқылау жəне тұжырым), əдебиеттер тізімі үлгіге сəйкес рəсімделуі шарт.
Мақаланың (баяндаманың) электронды нұсқасын g.ashirbek@iuth.edu.kz электронды поштасына жіберу керек.
Ұсынылған материалдардың дұрыстығына авторлар жауапты болады. Ұйымдастырушылар талаптарға сəйкес келмейтін немесе көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген жəне талапқа сай рəсімделмеген мақалаларды жариялаудан бас тартуға құқылы.