Хабарландыру!

Хабарландыру!

«Халықаралық туризм және меймандостық университеті» КеАҚ  мектеп директорлары мен әдіскерлерінің бос лауазымдарына конкурс жариялайды (ваканттық орындарға 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап қабылданады):

  1. Туризм мектебі;
  2. Қонақжайлылық мектебі;
  3. Дене шынықтыру және спорт мектебі;
  4. Гуманитарлық мектеп;
  5. Тілдер мектебі.

Мектеп директорларына қойылатын талаптар:

  • жоғары білімнен кейінгі білімінің болуы (ғылыми немесе академиялық дәрежесінің болуы: ғылым кандидаты/ ғылым докторы немесе PhD);
  • ғылым және білім беру саласында кемінде 5 (бес) жыл, басшылық лауазымдарда  кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілінің болуы;
  • соңғы 3 жыл ішінде ҚР ҒжЖБ министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті басылымдарында кемінде 3 мақаласының немесе Clarivateanalytics, Scopus журналдарында кемінде 1 ғылыми мақаласының болуы;
  • Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білуі;
  • IT дағдыларын меңгеруі: стандартты Microsoft Office пакеті;
  • мемлекеттік және орыс тілін, мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі;
  • жазбаша және ауызша сауатты сөйлеу;
  • басқарушылық, көшбасшылық және ұйымдастырушылық дағдылардың
  • болуы, оның ішінде іскерлік қарым-қатынас, іскерлік хат алмасу, келіссөздер жүргізу;
  • фандрайзинг дағдыларының болуы;
  • білім беру бағдарламаларын, ғылыми жобаларды және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу қабілеті мен тәжірибесінің болуы;
  • магистрлік және докторлық диссертацияларға ғылыми жетекшілік ету тәжірибесі болуы;
  • кәсіптік бағдар беру дағдыларының болуы.

Мектеп әдіскерлеріне қойылатын талаптар:

  • жоғары білімінің болуы;
  • білім беру мекемелерінде кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;
  • мемлекеттік және орыс тілін, мүмкіндігінше ағылшын тілін білуі;
  • Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерін білуі;
  • IT дағдыларын меңгеруі: стандартты Microsoft Office пакеті;
  • жазбаша және ауызша сауатты сөйлеу;
  • мектептің ішкі нормативтік құжаттарын әзірлеу қабілеті мен тәжірибесінің болуы;
  • мектептің бағыты бойынша білім алушыларға қатысты жұмысты ұйымдастыра білу қабілеті,
  • мектептің педагогикалық жүктемесін жоспарлау мен есептеу тәжірибесінің болуы;
  • мектеп жұмысына қатысты есеп беру, ішкі және сыртқы хаттарға жауап беру тәжірибесінің болуы;
  • білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу бойынша мектеп жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету тәжірибесінің болуы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2023 жылдың 1 тамызы мен 7 тамызы аралығында университет ректорының атына (еркін нысанда) өтініш береді (107 каб).

Байқау  аралас нысанда (офлайн немесе онлайн) 2023 жылғы 8 тамызда, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейінгі аралықта, университеттің бас ғимаратының 110 кабинетінде өтеді. Онлайн қатысушыларға алдын ала сілтеме жіберіледі.

Құжаттар мына мекен-жай бойынша қабылданады: Түркістан қаласы, Рабиға Сұлтан Бегім көшесі, 14 А.

Өзге қала тұрғындары үшін, құжаттарды  kense@iuth.edu.kz электронды поштасы арқылы жіберуге болады.

Қосымша ақпаратты +7 702 109 44 35, +7 701 751 99 70 телефондарына хабарласып немесе kense@iuth.edu.kz арқылы алуға болады.

 

Өтінішке қоса мынадай құжаттар өткізіледі:

  1. Кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақша;
  2. Өмірбаян;
  3. Жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері, ғылыми атағы туралы құжат және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  4. Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса) және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары;
  5. Ғылыми жұмыстар мен өнертабыстардың тізімі (бар болса);
  6. Медициналық анықтама № 075 нысан бойынша;
  7. Қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті беретін есепке алу жөніндегі мәліметтердің болуы, не болмауы туралы анықтама;
  8. Наркологиялық ұйымның конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы анықтамасы;
  9. Конкурсқа қатысушының есепте тұрмағаны туралы Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
  10. Жеке куәлік;
  11. Мектеп директоры лауазымына үміткерлер үшін мектепті дамыту жоспары (презентация 7-10 слайд көлемінде).

Тізбеге сәйкес құжаттардың толық болмауы өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (ғылыми жарияланымдар тізімі, бұрынғы жұмыс орны басшылығының ұсыныстары), сондай-ақ жұмыс тәжірибесі мен біліктілігін растайтын құжаттарды ұсынуға құқылы.