Халықаралық туризм және меймандостық университеті «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясымен ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойды. Енді IUTH студенттері туризм бойынша еліміздегі мықты менеджерлерден үйреніп, тәжірибе жинақтай алады.
Келісімнің басты мақсаты – адами ресурстарды және туризм саласындағы тәжірибеге бағытталған зерттеулерді дамыту болып табылады. Осы тұрғыда, «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясымен ынтымақтастықтың маңызы жоғары. Сондай-ақ, студенттер практикалық дағдылар мен кәсіби тәжірибенің керемет мүмкіндігіне қол жеткізе алады.