Стратегиялық жоспарлау бөлімі

БӨЛІМНІҢ МАҚСАТЫ

Бөлімнің негізгі мақсаты Даму бағдарламасы мен Даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сүйемелдеу, үйлестіру, мониторингілеу, Университеттің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсерін азайту және шектеу, коммерциялық қызметті жүзеге асыру және Университет кірістерін ұлғайту болып табылады.

БӨЛІМНІҢ БАҒЫТЫ

Бөлімнің қызметі 3 негізгі бағытта жүзеге асырылады: Даму бағдарламасы мен Университеттің Даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, сүйемелдеу, үйлестіру және мониторингілеу; Даму бағдарламасында және басқа да заңнамалық құжаттарда айқындалған Университет қызметінің мақсаттарына қол жеткізуге сыртқы және ішкі факторлардың теріс әсерін азайту және шектеу, Университеттің үздіксіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету және теріс салдарының алдын алу; коммерциялық қызметті жүзеге асыру және Университет кірісін арттыру.

БӨЛІМНІҢ МІНДЕТТЕРІ

  • Университеттің Даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарын әзірлеу, өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіру;
  • нысаналы индикаторлар мен қызметтің негізгі көрсеткіштерін есептеу әдістемесін әзірлеу;
  • негізгі көрсеткіштер мен Даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жүргізу;
  • Даму бағдарламасын жүзеге асыру нәтижелері бойынша аралық және қорытынды есептерді дайындау;
  • уақытылы анықтау, бағалау, талдау арқылы тәуекелдерді басқарудың үздіксіз процесін қамтамасыз ету және қойылған стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бақылау;
  • стратегиялық және операциялық мақсаттарға қол жеткізуге қауіп төндіретін ықтимал теріс оқиғалардың алдын алуға, азайтуға және олардың әсерін төмендетуге мүмкіндік беретін басқару жүйесін енгізу және жетілдіру;
  • инвестицияларды тарту, инновациялық жобалар, стартаптар, курстар, бизнес жобалар және т. б. ұйымдастырушылық, құқықтық қолдау көрсету және қаржыландыру үшін қаражатты жинақтау және қайта бөлу;
  • алынған ақпаратты талдау, алдын-ала маркетингтік зерттеулер жүргізу, Университет кірісінің өсуіне әкелетін перспективалы жобаларды коммерцияландыру бойынша шешімдер әзірлеу;
  • ҚР заңнамасына қайшы келмейтін негізгі қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті басқа функцияларды жүзеге асыру.

БӨЛІМНІҢ ҚҰРАМЫ

Бөлім басшысы

Жаксылык Орынбасар Ерболатович

Ректорат, № 212 кабинет

o.zhaksilyk@iuth.edu.kz

Бас маман

Еженова Раушан Берікқызы

Ректорат, № 212 кабинет

raushan.ezhenova@iuth.edu.kz

Бас маман

Тасмұрат Меруерт Құрманәліқызы

Ректорат, № 212 кабинет

meruert.tasmurat@iuth.edu.kz