Ағымдағы жылдың қазан айының 25-ші жұлдызында Халықаралық туризм және меймандостық университеті Құзыреттілік және мансап орталығының қолдауымен университет студенттері, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздіге 30 жыл толуына арналған «Төртінші онжылдықтағы тәуелсіз Қазақстан» облыстық жастар форумына қатысты. Форумда Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығының президенті және қоғам кайраткері, «Жастарға жол» қоғамдық қорының президенті Рафаэль Гасанов сөз сөйлеп, жастардың қоғамдық жұмыстарындағы үлесін атап өтті.
Аталмыш форумға
– Түркістан арнайы экономикалық аймақ қызметкері «Болашак» МБ түлегі – Алмас Жақсылықов;
– Жас ақын Түркістан телеарнасының жүргізушісі, «Тармақтар» – әдеби жобасының авторы, А. Құнанбайұлының 175 жылдығына орай өткен республикалық мүшайраның 3 орын иегері – Рыскүл Досжанова;
– Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ның басшысы, «Болашақ» МБ-ның түлегі – Ерасыл Төлебаев;
– «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облыстық филиалының төрайымы – Аружан Шекербек белсене қатысты.
Сонымен қатар форум барысында «Түрленген Түркістан» атты бейнеролик көрсетіліп, жас шеберлер көрмесі ұйымдастырылып, соңынан белсенді жастарды марапаттау рәсімі өтті. Нәтижесінде ұйымдастырушылар аса-маңызды тақырыптарды жастармен бірге талқылап, оларға өз ойларын ортаға салғызып, пікір таласып, отырысты қызық алаңға айналдыра білді.