Алғыс айту – бұл тек сөз емес, бұл құрмет, сыйластық және адамгершіліктің белгісі.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде, «Түркістан туризмінің дамуындағы ғылымның рөлі» атты «Ғылыми қызметкерлерге күніне арналған» 6-10-сәуір күндері Ғылым апталығы болды. Ғылым апталығында көптеген ғылыми семинарлар мен халықаралық конференция ұйымдастырылып, университет оқытушылары мен студенттері және қызметкерлері де қатысып отырды. Осыған орай, Гуманитарлық мектебінің аға оқытушысы, Оңалбайқызы Раяның №2(03)-2026 «Өнегелі ұрпақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналында жарияланған ғылыми мақаласы жарияланғанын айтқым келеді.

«Қыр гүліндей жайқалған қос қызғалдақтар жолы» атты мақалада, «Гуманитарлық мектеп» директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Динашева Л.С. мен тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Сандыбаева А.Д. жөнінде жазылған.  Мақалада Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ұстаздарымыздың еңбек жолдарын бастап және де осы оқу орнының өсіп-өркендеуіне өздерінің еңбек жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан қос қызғалдақтардың жолы әрине жіңішке болғанымен, олардың жасаған еңбектері ерен деп айтқым келеді. «Ұстаз – ұлағатты есім». Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

          Бүгінгі таңда білікті ұстаздарымыз яғни қос профессорларымыз Халықаралық туризм және меймандостық университеті,  Гуманитарлық мектебінде өз еңбек жолдарын жалғастыруда. Өздерінің ғылым жолында халықаралық және отандық жарияланымдар мен бірнеше оқу құралы мен оқулықтардың авторы,  монографиялар мен  авторлық куәліктер және қазіргі таңда гуманитарлық бағыттағы Мемлекеттік грант жобасының иегерлері болып табылады.

«Тарих – бұл ұлы адамдар мен өткеніміздің өмірбаяны». Соны жастарға оқытып, танытып келеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің 2025 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Білікті, саналы адамдар – ұлттық экономиканың арқауы, ел болашағының кепілі», – деп көрсеткен еді.

Өнегелі жолы мен жөні бөлек аяулы ұстаздарымыз – шәкірттерінің мақтанышы ғана емес, бүкіл ел мақтанышы! Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрметіміз арта бермек! 

 

Халықаралық туризм және меймандостық университетінің аға оқытушысы, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ доктаранты Оңалбайқызы Р. Түркістан қаласы.