«Киберқауіпсіздік – заман талабы» семинар-тренингі.

Ғылым апталығы аясында 2026 жылғы 8 сәуірде жыл сайынғы Ғылым апталығы шеңберінде «Киберқауіпсіздік – заман талабы» атты өзекті семинар-тренинг өтті.

Іс-шараның спикерлері: Абдрахманов Р.Б. – т.ғ.к., Гуманитарлық мектептің қауым. профессоры; Касымбеков А.С. – т.ғ.к., Гуманитарлық мектептің қауымдастырылған профессоры.

Семинар барысында профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар цифрлық ортаның заманауи сын-қатерлері мен деректерді қорғаудың негізгі принциптерін жан-жақты талқылады. Тренингтің тәжірибелік бөліміне ерекше назар аударылды:

Топтық жұмыс: Қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін киберқауіптерге қатысты нақты кейстер мен жағдаяттарды талдап, оларды шешудің тиімді алгоритмдерін ұсынды.

Геймификация: Білімді тексеру интерактивті компьютерлік ойын форматында өтті. Бұл тәсіл аудиторияның қызығушылығын арттырып қана қоймай, кибергигиенаны қамтамасыз ету әдістерін көрнекі түрде көрсетуге мүмкіндік берді.

Тәжірибелік тапсырмалардың нәтижесі бойынша ақпараттық қауіпсіздік саласында терең білім көрсеткен қатысушылар анықталды. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар жоғары цифрлық сауаттылықты қалыптастыруға және заманауи кибертәуекелдерге қарсы тұру дайындығын арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.