«SCIENCELAB» зертханасының ашылу салтанаты өтті.

Халықаралық туризм және меймандостық университетінде Ғылым апталығының басталуы аясында заманауи «SCIENCELAB» зертханасының ашылу салтанаты өтті. Бұл маңызды оқиға білім мен ғылымды ұштастыра отырып, туризм саласындағы болашақ мамандарды даярлаудың жаңа кезеңін айқындайды.

Зертхана археологиялық қазбалардан табылған жәдігерлермен, қазба жұмыстарын жүргізуге қажетті материалдық-техникалық базамен (тахеометр, призма, штативтер, квадрокоптер және фотоаппараттар), сондай-ақ VR (виртуалды шындық) көзілдіріктерімен жабдықталған. VR (виртуалды шындық) көзілдіріктері АР26100839 «Туризм саласының мамандарына шет тілін оқытуда геймификацияны қолдану арқылы иммерсивті білім беру ортасын педагогикалық жобалау» атты гранттық жоба аясында сатып алынды.

Аталған жабдықтың негізгі мақсаты – туризм мамандығы бойынша практикалық пәндер аясында иммерсивті сценарийлерді әзірлеу және оларды оқу процесіне тиімді енгізу.

«SCIENCELAB» зертханасының ашылуы университеттің ғылыми-инновациялық әлеуетін арттырып қана қоймай, туризм және меймандостық саласында бәсекеге қабілетті, жоғары білікті мамандар даярлауға зор үлес қосады.