
Университет білім алушылары үшін «Харассментке мүлдем төзбеушілік» атты маңызды тәрбие іс-шарасы ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты — білім алушыларға харассмент ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен салдары туралы ақпарат беру, сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жолдарын қарастыру. Іс-шараны Әлеуметтік-мәдени даму бөлімі мен психолог Д.С. Эрметова ұйымдастырды.
Әңгімелесу барысында заң және психология тұрғысынан егжей-тегжейлі түсініктемелер берілді. Нақты мысалдар арқылы мәселенің өзектілігі талқыланып, әр адамның жеке шекарасын құрметтеудің маңыздылығы атап өтілді.
Сонымен қатар, білім алушылардың осы тақырыпқа қатысты көзқарастары мен ұстанымдарын білу мақсатында сауалнама жүргізілді. Қатысушыларға қауіпсіздік пен өзара құрметті қамтамасыз ету бойынша пайдалы кеңестер мен қажетті ұсыныстар жазылған жадынамалар таратылды.
Студенттер сұрақтар қойып, өз пікірлерімен ашық бөлісті. Мұндай кездесулер жастардың саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді және қысым мен қудалаудың кез келген түріне қарсы тұруды үйретеді.
Ұйымдастырушылар қауіпсіз кеңістік құру — әкімшілік пен студенттік қауымдастықтың ортақ жауапкершілігі екенін баса айтты. Мұндай бастамалар сенімді нығайтуға және әрбір адамның білім алуы мен дамуы үшін жайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.
Біз кемсітушілік пен қысымнан ада атмосфераны қолдаймыз!
Біз харассментке қарсымыз!
Қауіпсіз орта — баршамызға ортақ жауапкершілік!